Бракеражды комиссия

15.05.26ж күні мектеп асханасында бракераждық комиссияның кезекті тексерісі өткізілді.
Тексеру барысында асхананың санитарлық жағдайы, тағам сапасы, сақтау мерзімі мен ас мәзірінің талапқа сәйкестігі қаралды. Оқушылардың қауіпсіз әрі сапалы тамақтануы – басты назарда.

20 сәуір 2026 жылғы «Қызылжар орта мектебі» КММ-дегі бракераждық комиссияның жоспарға сай тексерісі өтті. Комиссия мүшелері дайын тағамдардың сапасын, температурасын, порцияларын және санитарлық нормаларды мұқият тексерді. Барлық ұсынылған тағам үлгілері (екінші тамақ және гарнир, сусын, жемістер) «қанағаттанарлық» деңгейге бағаланды. Асхананың гигиеналық жағдайы жақсы, өнімдердің сақталу мерзімі дұрыс тіркелген және ешқандай ереже бұзушылық анықталмады.

20.01 күні мектеп асханасында бракеражды комиссия жұмысы жүргізілді.
Тағамдардың сапасы, сақтау талаптары мен санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуы толық тексерілді.
Оқушылардың қауіпсіз әрі сапалы тамақтануы – басты назарда ✅

"Қызылжар орта мектебі" КММ