«BILIM QAZYNA» КММ ұйымдастыруымен 2026 жылдың
20 қаңтарында Қызылжар орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Ершекенова Мирамгул Пирмухинбетовнаның жетекшілігімен қала мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдеріне «Әдебиеттік оқу сабақтарында сын тұрғысынан ойлау жобасын қолдану арқылы оқушылардың тілін дамытудың әдістемелік негізі» тақырыбында қалалық шебер-класының екінші отырысы өтті. Отырысты «BILIM QAZYNA» КММ бастауыш сыныптар бойынша әдіскері:Пайыз Айтолқын Сәбитқызы алғы сөзімен ашты.Шебер-класқа қала мектептерінен 17 бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
Шебер-кластың басты мақсаты -бастауыш сыныпта сын тұрғысынан ойлау жобасын қолдану арқылы оқушылардың тілін дамыту .
Теориялық бөлімінде «Әдебиеттік оқу сабақтарында сын тұрғысынан ойлау жобасын қолдану» тақырыбында коучинг өткізді.
«Әдебиеттік оқу сабақтарында сын тұрғысынан ойлау жобасын қолданудың тиімділігі» тақырыбында шағын дәріс беріп, шебер класс жетекшісі Мирамгул тәжірибе жүзінде қолданған әдістерімен және өз идеяларымен бөлісті.Шебер-класқа қатысушылар өз қоржындарына ұсынған әдістемелік шағын жинақтарымен толықтырды.
Қорытынды бөлімінде қатысушылармен «Пікір алаңы» әдісі арқылы кері байланыс жасалып, қатысушылар өз алған әсерлері мен пікірлерін ортаға салып,қорытындыланды.
