Білімге жол

Әдістемелік кеңес

🔰«Білімге жол» облыстық жобасы аясында әдістемелік кеңес өтті
«Білімге жол» облыстық жобасы аясында педагогтерге арналған түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, әдістемелік кеңес ұйымдастырылды. Кеңес жұмысына математика, тарих, география, химия, физика және информатика пәні мұғалімдері қатысты.
🔹 Кеңестің мақсаты – жобаның негізгі бағыттарын педагогтерге түсіндіру, білім сапасын арттыруға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдермен таныстыру, пәндер бойынша оқыту үдерісін жетілдіру және кәсіби тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау.
Кеңес барысында өзекті мәселелер талқыланып, практикалық ұсыныстар берілді. Педагогтер тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар ұсынылып, алдағы жұмыс жоспарлары айқындалды.

"Қызылжар орта мектебі" КММ