Ұрпаққа өнеге болған тұлғалар

Әдістемелік кеңес

03-қаңтар күні Тарих ізімен, география кеңестігінде” тарих және география апталығының аясында биылғы жылдың атаулы жылдарына «Ұрпаққа өнеге болған тұлғалар» тақырыбында мектепішілік конференция болды.
Конференцияның мақсаты:
Жас ұрпаққа қазақ халқының тарихында өшпестей орын алған қазақ зиялылары туралы мағлұматтар беру;
Олардың есімдерін қастерлеп, құрметтеуге, Отаншылдық сезімге, елжандылыққа тәрбиелеу; Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы білім алушының бойына мақтаныш сезімін тудыру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу. Білім алушының бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін бойына сіңдіру.
Барысында оқушылар өздеріне берілген тақырып бойынша жобаларын қорғап, белсенділік танытты.
Нәтижесінде:
1-орын 11”Ә” класс оқушысы- Жүсіп Дана Жанболатқызы-«Исатай Тайманұлы – ХІХ ғасырдағы ұлт-азаттық қозғалыстың көсемі»
Жетекшісі Дербісова А.Ж.
2-орын 9“В” класс оқушысы — Мильят Әсем Витальевна-«Қабанбай батыр – ұлттық бірлік пен ерліктің символы»
Жетекшісі Бекмағанбетова М.О.
3-орын 10”В” класс оқушысы – Мереке Кәусар Нұрболатқызы-«Абылай хан – қазақ мемлекеттілігін сақтаған кемеңгер басшы»
Жетекшісі Турумбетова Н.Ж.
Алғыс хатпен марапатталған оқушылар:

  1. 9 «Б» класс оқушысы – Жамбул Гулим Акановна- «Әлихан Бөкейханов – Алаш қозғалысының көсемі, ұлт көшбасшысы»
    Жетекшісі Байбатыров М.Қ.
  2. 9 «А» кл оқушысы – Бақиқызы Анель-«Олжас Сүлейменов – ақын және қоғам қайраткері»
    Жетекшісі Изтлеуова Ж.Д.
  3. 10 «Ә» класс оқушысы – Нұрлыбай Әсел Тимурқызы-
    «Қайрат Рысқұлбеков – Желтоқсан құрбаны, Тәуелсіздік символы»
    Жетекшісі Байбатыров Ж.Қ.

Қатысушылар марапатталды және сыйлықтар табысталды.
Қатысып, білімділіктерін көрсеткен оқушыларға алғысымызды білдіреміз.
Ұйымдастырушылар:
Дербісова А.Ж. тарих пәні мұғалімі
Турумбетова Н.Ж. тарих пәні мұғалімі

"Қызылжар орта мектебі" КММ