Педагог-зерттеуші: Портфолиодан нәтижелі тәжірибеге дейін

Педагогтарды аттестаттау

2026 жылдың 3 наурызында мектебімізде біліктілік санатын қорғайтын және растайтын ұстаздарға қолдау көрсету мақсатында «Педагог-зерттеуші: Портфолиодан нәтижелі тәжірибеге дейін» атты әдістемелік кеңес өтті.
Жиын барысында педагогтердің кәсіби дамуы мен аттестациядан өту алгоритмі талқыланып, келесі маңызды бағыттарға тоқталды:
Портфолио жинақтау: Жаңа форматтағы талаптарға сай жетістіктерді жүйелеу және құжаттардың мазмұндық сапасын арттыру;
Тәжірибе тарату: Авторлық бағдарламаларды әзірлеу, ғылыми-әдістемелік мақалаларды жариялау және оларды таратудың тиімді жолдары;
Цифрлық сауаттылық: Педагогтердің құжаттарын «egov.kz» порталына қатесіз әрі сауатты жүктеу бойынша практикалық нұсқаулықтар берілді.
«Бұл кеңес мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін шыңдап қана қоймай, алдағы аттестация кезеңіне нық қадам басуға бағыт-бағдар берген маңызды алаң болды».
Шығармашылық ізденіс жолындағы ұстаздарымызға сәттілік тілейміз!

"Қызылжар орта мектебі" КММ