27.08.2026 күні орыс тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің отырысы өткізілді

Әдістемелік кеңес

Әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Батырова Жанар Сәндібекқызы бірлестік мүшелерін күн тәртібімен таныстырды. Сонымен қатар, оқу жылына қойылатын негізгі міндеттер мен бірлестіктің алдағы жұмысына тоқталды.
Отырыста педагог-зерттеуші Горбатенко Галина Петровна ҚР Заңына сәйкес оқу жоспарымен таныстырып, жоспардағы негізгі бағыттар мен атқарылатын жұмыстарды талқылады. Мұғалімдер жоспар бойынша өз ұсыныстарын білдіріп, пікір алмасты.
Келесі кезекте жас маман Молдагулова Алия ««Использование искусственного интеллекта на уроках русского языка и литературы: возможности и перспективы»» тақырыбында баяндама оқыды. Баяндама барысында заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру және оқу сапасын жақсарту мәселелері қарастырылды.
Отырыс соңында бірлестік мүшелері өзара пікір алмасып, алдағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу жөнінде ортақ шешімге келді.
Бірлестік жетекші: Батырова Ж.С.

"Қызылжар орта мектебі" КММ