13.09.2025ж Ақтөбе қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен қалалық “Гүлдер әлемі” фестивалі өтті. Фестивальдың басты мақсаты қатысушылардың флористика саласында шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыру үшін жағдай жасау және адамдардың эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру, қала тұрғындарының шығармашылық әлеуетін анықтау және дамыту болатын. Қаланың жеке кәсіпкерлері, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, жалпы білім беретін орта мектептер, кәсіптік білім беру ұйымдары осы мақсатты жұмыстанып ат салысты. Қызылжар орта мектебі “Қала мектептерінің үздік ұжымдық жұмысы” номинациясы бойынша 3 орынды жеңіп алды 🥉 🏆 және ақшалай сыйға те болды. Құттықтаймыз!!! Атсалысқан барша мұғалімдерге алғысымызды айтамыз, жеңісті күндеріміз көп болғай🎊



