Жалпы білім беретін орта мектептердің математика, физика және информатика пәндері мұғалімдеріне арналған облыстық шығармашылық олимпиадасының қалалық кезеңінде
-Калиева Дидар Жумабаевна – үздік нәтиже көрсетіп, ІІІ дәрежелі дипломмен,
-Қабас Әділет Сағидоллаұлы – белсенді қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.
Әріптестерімізге шығармашылық табыс, толағай жетістіктер тілейміз!
Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығына бағытталған педагогтер арасында өткен облыстық байқауда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Татияна Таупиховна ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды. Құттықтаймыз!
04/12/25 күні мектебіміздің физика пәні мұғалімі Мухтар Ақнұр Талғатқызы және математика пәні мұғалімі Альбетова Назерке Сабырқызы Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен: “Функционалдық сауаттылықты арттыруда математика, физика есептерін шығару әдістемесі” тақырыбындағы облыстық шебер-класта өз іс-тәжірибесімен бөлісті.

“BILIM QAZYNA”КММ-сі мен “Білім педагогикалық шығармашылық орталығының”бірлескен хаты негізінде, №514 бұйрыққа сәйкес өткен “Білікті ұстаз” педагогикалық олимпиадасы нәтижесінде Ақтөбе қаласы бойынша біздің ұжым “Ең үздік ұжым”номинациясымен марапатталып, кубокқа ие болды!
Бұл жетістік – ұжымдық еңбектің, бірліктің және кәсіби шеберліктің айғағы.
Барша әріптестерге шығармашылық табыс, жаңа биіктер мен толағай табыстар тілейміз!







