«Қызылжар орта мектебі» КММ жылдық жоспарына сәйкес жаратылыстану пәндері бірлестігінің «Жаратылыстану ғылымдарының ғажайыптары» тақырыбындағы апталығына анықтама
22.04.-29.04.2024ж. аралығында жаратылыстану пәні бірлестігінің «Жаратылыстану ғылымдарының ғажайыптары» тақырыбында апталығы өткізілді.
22.04.2024ж. күні апталықтың ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанаты барысында «ҰБТ-ға дайынбыз ба?» тақырыбында негізгі ғылыми пәндер бойынша 10-11 сынып оқушыларына сұрақтар қойылды (химия пәні мұғалімі Бақытова А.). Информатика пәні мұғалімдері ұйымдастыруымен «Фотоға қарап мақалды анықта» тақырыбында мұғалімдермен жұмыс жүргізілді және 7-8 сынып оқушыларына қоңырау уақытын қызықты өткізу мақсатында «Қазына аралы» логикалық сұрақтар сайысы өткізілді. Биология пәні мұғалімі Омарова А. «Гүл құрылысы. Тозаңдану түрлері» тақырыбында ашық сабағы өтті. Физика пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Мен таныған физика әлемі» атты тәжірибелік жұмыстар жүргізілді.
24.04.2024ж. күні физика пәні мұғалімі Боқтыбаева И. «Потенциалдық және кинетикалық энергия» тақырыбында ашық сабағы өтті. Қоңырау уақытын қызықты өткізу мақсатында химия пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Қызықты химия» тәжірибелік жұмыстары және биология пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Фобия ойыны» атты сыныптан тыс шарасы өтті. Информатика пәні мұғалімі Тлеубаева А. «Интернетте жұмыс істеу қаншалықты қуаіпті?» тақырыбында ашық сабағы өтті.
25.04.2024ж. күні химия пәні мұғалімі Ибраимова Г. «Тұздар» тақырыбында ашық сабағы өтті. Информатика пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «3D қаламмен жұмыс» көңілді қоңырау шарасы өтті. Биология пәні мұғалімдерінің 7 сыныптар арасында «Дені саудың – жаны сау» тақырыбында спорттық шарасы ұйымдастырылды.
26.04.2024ж. күні физика пәнінен мектепішілік олимпиада ұйымдастырылды, жауапты – физика пәні мұғалімі Мухтар А.
29.04.2024ж. күні Жаратылыстану пәні мұғалімдері ұйымдастырған «Электронды бағдарламалық қосымшаларды жаратылыстану пәндерінде оқыту және қолдану жолдары» тақырыбында қалалық дөңгелек үстел отырысы өтті. Мақсаты: Жалпы білім беретін мектептерде электронды-бағдарламалық қосымшаларды жаратылыстану пәндерін оқытуда қолданылу жоспарын қарастыру.
29.04.2024ж. күні апталық жабылуына орай апталық барысында белсене қатысқан оқушылар маратпатталды.












