Функционалдық сауаттылық – түсіну, ойлау және коммуникацияның кілті

Тәжірибе тарату

2025 жылғы 7 қарашада Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес «Қызылжар орта мектебі» КММ-де орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Галина Петровна Горбатенконың жетекшілігімен облыстық шығармашылық шеберханасының алғашқы отырысы өтті. Кездесудің тақырыбы — «Функционалдық сауаттылық – түсіну, ойлау және коммуникацияның кілті».
Іс-шараның басында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері Әжібаева А.К. мен оқу ісінің меңгерушісі Қаржаубаева Б.Б. қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі.
Шеберхана жұмысына Ақтөбе облысының әртүрлі аудандарындағы мектептердің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты.
Отырыстың форматы педагогикалық сессия түрінде өтті және ол екі бөлімнен тұрды — теориялық және практикалық. Алғашқы бөлімде шеберхана жетекшісі қатысушыларды оқушылардың оқырмандық сауаттылығын дамытуға бағытталған мәтінмен жұмыстың заманауи түрлері мен әдіс-тәсілдерімен таныстырды.
Практикалық бөлімде мұғалімдер көркем, публицистикалық және оқу мәтіндерімен микротоптарда жұмыс жасап, ұсынылған әдістерді тәжірибе жүзінде қолданды және өз идеяларымен бөлісті.
Сессия соңында «Кілттер шоғырын жина» атты рефлексия өткізілді. Әр қатысушы өз кілтінде отырыстан алған жаңалығын, инсайтын немесе пайдалы идеясын жазды.
Іс-шара шығармашылық, ынтымақтастық және кәсіби өсу рухында өтті. Әр қатысушы жаңа білім, шабыт және тәжірибе алып, өз жұмысына тың серпінмен оралды.

"Қызылжар орта мектебі" КММ