Бүгін мектебімізде білім көкжиегін кеңейтетін, ойды ұштап, зердені шыңдайтын ерекше мереке -“Математика қызықты да сырлы әлем “ атты математика апталығы басталды.
Ашылу салтанатында мектепке келген
оқушылар мен ұстаздарға есептер мен логикалық сұрақтар қойылып,
жеңімпаздарға сыйлықтар берілді.
Алдағы күндері сіздерді қызықты есептер, логикалық жорықтар, сайыстар мен танымдық шаралар күтеді.
Математика апталығы бәріңізге шабыт, табыс және жаңалық әкелсін!
