Бүгін үй жағдайында оқитын және ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жасайтын мұғалімдерге арналған кезектен тыс әдістемелік кеңес өтті.
Кеңес барысында инклюзивті білім беру саласындағы негізгі нормативтік-құқықтық актілер талқыланып, ерекше оқушыларды қолдау кабинеттерінің жұмысын тиімді ұйымдастыру жолдары қарастырылды.
