2025 жылғы 28 қараша күні «Қызылжар орта мектебі» КММ-де Ақтөбе қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес физика пәні мұғалімдеріне арналған қалалық семинар өтті. Семинардың тақырыбы — «Физика – креативті ойлаудың бастауы: шығармашылық есептер мен тәжірибелер».
Іс-шараның басында Ақтөбе қаласы білім бөлімінің “BILIM QAZYNA” КММ әдіскері Жамешова Ақгүл Болатбекқызы және Қызылжар орта мектебінің директоры Нургалиев Рай Молданиязович құттықтау сөз сөйлеп, семинар жұмысына сәттілік тіледі.
Семинарды Боқтыбаева Индира Алтынбекқызы, Қабас Әділет Сағидоллаұлы, Давлетова Айнұр және Мухтар Ақнұр Талғатқызы кәсіби деңгейде ұйымдастырып, жүргізді.
Семинар барысында қатысушылар:
• олимпиада есептерін шығарып, шешу жолдарын талдады;
• түрлі лабораториялық эксперименттер орындап, олардың нәтижелерін тәжірибелік тұрғыда зерттеді;
• жасанды интеллект көмегімен физикалық моделдеу, есепті визуалдау және виртуалды тәжірибелер орындап көрді;
• тәжірибелік тапсырмалар арқылы оқушылардың ғылыми және креативті ойлауын дамыту тәсілдерін қарастырды.
Шара жоғары деңгейде өтіп, мұғалімдер өзара тәжірибе алмасып, жаңа әдіс-тәсілдермен танысты. Қатысушылар физика сабақтарында теорияны тәжірибемен, ал тәжірибені цифрлық және жасанды интеллект құралдарымен байланыстырудың тиімді жолдарын меңгеріп, өз сабақтарында қолдануға болатын көптеген пайдалы идеялар алды.
