FIRST Robotics + DIY JINAQ STEM FEST” марафоны жоспарға сай өткізілді

Тәжірибе тарату

FIRST Robotics + DIY JINAQ STEM FEST” марафоны жоспарға сай өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар FIRST Robotics бағдарламасының принциптерімен танысып, үш STEM станциясынан өтіп механика және электроника бағыттарында тәжірибелік жұмыстар орындады.
Іс-шара соңында топтар өздері жасаған шағын робот-прототиптерін таныстырып, іске қосты. Әртүрлі номинациялар бойынша жеңімпаздар марапатталды.
Сонымен қатар марафон кезінде AI Module 3s -да, робототехника үйірмесінде жасаған роботтарын көрсетіп, түсіндіріп берді. Марафон оқушылардың STEM саласына қызығушылығын күшейтіп, инженерлік-техникалық бағытта өз мүмкіндігін сынауға үлкен мүмкіндік берді. Өткізген: Тажибаева Э.К. Бозанова А.К.

"Қызылжар орта мектебі" КММ