Орыс тілі мен әдебиеті бірлестігінің кезекті #3 отырысы ерекше форматта өтті.
Бұл жолы біз дәстүрлі ресми отырыстан сәл алыстап, шай үстінде еркін әрі шынайы атмосферада бас қостық.
Жылы әңгіме, тәжірибе алмасу, ой бөлісу — ашық форматта өрбіді. Әріптестер бір-біріне қолдау білдіріп, бірінші жартыжылдықтағы жасаған жұмыстар мен жетістіктер талқыланды. Қаңтар айында өткізілетін облыстық семинарға жаңа идеялар мен ұсыныстар ортаға салынды. Осындай бейресми кездесулер бірлестіктегі бірлікті нығайтып, шығармашылық шабыт беретіні сөзсіз.
📚☕ Ынтымақ пен кәсіби бірліктің жарқын көрінісі болған бұл отырыс баршамызға жақсы көңіл күй сыйлады.
Бірлестік жетекші: Батырова Ж.С.
