06.01.2026 ж. аттестациядан өтетін педагогтерге арналған әдістемелік кеңес өтті. Кеңестің тақырыбы — “Педагог қызметін бағалау: аттестация талаптары мен заманауи көзқарастар”
Жинын барысында педагог қызметін бағалаудың қолданыстағы талаптары, аттестациялау үдерісіндегі өзгерістер және заманауи көзқарастар жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар педагогтердің кәсіби дамуын айқындайтын негізгі көрсеткіштерге назар аударылды.
Әдістемелік кеңес аясында педагог портфолиосын жүйелі және талапқа сай толтыру ережелері нақты мысалдар арқылы түсіндіріліп, жиі кездесетін қателіктер мен оларды болдырмау жолдары қарастырылды.
Кеңес педагогтерге аттестацияға жүйелі дайындалуға, құжаттарды сауатты рәсімдеуге және кәсіби жетістіктерін тиімді ұсынуға бағыт-бағдар берді.
