2025 жылдың 14 қараша күні «Bilim qazyna» КММ жоспарына сәйкес Қызылжар орта мектебінің базасында «Қысқа мерзімді жоспар құрылымы» тақырыбында 8-топ мүшелерінің ұйымдастыруымен қалалық ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарларының кезекті отырысы өтті. Мақсаты: Білім беру ұйымдарындағы әдістемелік қызметті үйлестіруші мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету жүйесін жетілдіру, жаңартылған білім мазмұнына сәйкес оқу-тәрбие үдерісін тиімді жоспарлау мен талдау жұмыстарын сапалы жүргізу жолдарын айқындау, педагогикалық тәсілдер мен тәжірибе алмасу арқылы білім сапасын арттыруда жұмысын жүйелеу.
