3 қаңтар күні Қызылжар орта мектебімізде “Тарих ізімен, география кеңестігінде” тарих және география апталығы аясында “Ұлт мақтанышы – Мәлік Ғабдуллин” тақырыбында танымдық сабақ өтті.
Танымдық сабақта тарих пәнінің мұғалімі Дербісова Ақберен Жұмағазықызы мәлімет беріп, Ақмола облысындағы Мәлік Ғабдуллин музейі туралы бейнеэкскурсия көрсетті.
Бейнеэкскурсияда Көкшетау қаласындағы Мәлік Ғабдуллин музейінің экспозициялық залдары туралы толыққанды таныстырылды.
Танымдық сабақтың мақсаты:
Оқушыларды Мәлік Ғабдуллиннің өмірімен және ерлік жолымен таныстыру;
Ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке, батырлыққа тәрбиелеу;
Тарихи тұлғаларға деген құрметті қалыптастыру.
Осы орайда қазақ халқының даңқты ұлы Мәлік Ғабдуллин туралы құнды мәліметтермен бөліскен, әдістемелік көмек көрсеткен Көкшетау қаласындағы Мәлік батыр музейінің қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз.
Ұйымдастырушы Дербісова Ақберен Жұмағазықызы.
