«Қызылжар орта мектебі» бастауыш сынып оқушыларына арналған «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» тақырыбында танымдық сағат өткізілді. Іс-шараны мектеп медбикелері мен мектептің әлеуметтік педагогтары бірлесе ұйымдастырды.
Танымдық сағат барысында оқушыларға дұрыс әрі құнарлы тамақтанудың адам денсаулығына тигізер пайдасы түсіндірілді. Балалар күнделікті ас мәзірінде пайдалы тағамдардың маңызы, көкөністер мен жеміс-жидектердің, таза судың адам ағзасына әсері туралы құнды мәліметтер алды. Сондай-ақ зиянды тағамдардың адам денсаулығына тигізетін кері әсерлері туралы айтылып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы атап өтілді.
Іс-шара интерактивті форматта өтіп, сұрақ-жауап, қызықты тапсырмалар мен көрнекі құралдар арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырды. Танымдық сағат соңында балалар өз ойларын бөлісіп, дұрыс тамақтану ережелерін күнделікті өмірде сақтауға уәде берді.














