2025 жылдың 12 қарашасында «Қызылжар орта мектебі» КММ де бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Ершекенова Мирамгул Пирмухинбетовнаның жетекшілігімен қала мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдеріне «Әдебиеттік оқу сабақтарында сын тұрғысынан ойлау жобасын қолдану арқылы оқушылардың тілін дамытудың әдістемелік негізі» тақырыбында қалалық шебер-класының алғашқы отырысы өтті. Шебер-класқа қала мектептерінен 17 бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
Шебер-кластың басты мақсаты -бастауыш сыныпта сын тұрғысынан ойлау жобасын қолдану арқылы оқушылардың тілін дамыту .
Теориялық бөлімінде «Мектеп мәртебесі -мұғалімнің құзыреттілігінде» тақырыбында коучинг өткізді.
«Әдебиеттік оқу сабақтарында сын тұрғысынан ойлау жобасын қолдану» тақырыбында шағын дәріс беріліп, ұсынылған әдістерді тәжірибе жүзінде қолданды және өз идеяларымен бөлісті.Шебер-класқа қатысушылар өз қоржындарына ұсынған әдістемелік шағын жинақтарымен толықтырды.
Қорытынды бөлімінде қатысушылармен «Пікір алаңы» әдісі арқылы кері байланыс жасалып, қатысушылар өз алған әсерлері мен пікірлерін ортаға салып,қорытындыланды.
