Баланың ерте даму кезеңінде қалыптаспай қалған дағды мектеп кезінде қалай әсер етеді?

Тәжірибе тарату

«Баланың ерте даму кезеңінде қалыптаспай қалған дағды мектеп кезінде қалай әсер етеді?» тақырыбында ата-аналарға арналған мазмұнды шара өткізілді.
Шара барысында баланың ерте жастағы даму дағдыларының мектептегі оқу үлгеріміне, мінез-құлқына және әлеуметтік бейімделуіне әсері жан-жақты талқыланды. Ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, пайдалы кеңестермен бөлісті.
Спикерлер:
“Аяла” балабақшасының меңгерушісі :А.Б. Сарбасова және мектеп директорының орынбасары: Б.Б. Назарова.
Шара жоғары деңгейде өтіп, ата-аналар тарапынан оң пікірлерге ие болды. Барша қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз!

"Қызылжар орта мектебі" КММ