Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес Қызылжар орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Горбатенко Галина Петровнаның жетекшілігімен «Функциональная грамотность – ключ к пониманию, мышлению и коммуникации» тақырыбында шығармашылық шеберхананың IV қорытынды отырысы өтті.
Кездесу барысында педагогтер функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмалар мен case-study әдісін құрастыру жолдарын тәжірибе жүзінде меңгерді. Мұғалімдер дәстүрлі тапсырмаларды функционалдық форматқа түрлендіріп, оқушылардың ойлау, салыстыру және шешім қабылдау дағдыларын дамытуға бағытталған жұмыстар орындады.
Лэпбук жасау жұмысы қатысушылар тарапынан ерекше қызығушылық тудырып, білімді визуализациялаудың тиімді құралы ретінде жоғары бағаланды.
Шеберхана соңында педагогтер жыл бойғы жұмысты қорытындылап, тиімді әдіс-тәсілдерді талқылады. Белсенді қатысушылар сертификаттармен, ал спикерлер алғыс хаттармен марапатталды.
