Искусство звука

Тәжірибе тарату

Бүгін 21.01 күні 5 «Е» сыныбында орыс тілі мен әдебиеті пәнінен «Искусство звука» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақ барысында қазақ халық ертегісі «Мастер Али» негізінде оқушылар мәтін мазмұнын талдап, негізгі идеяны анықтады, кейіпкерлерге мінездеме берді.
Сабақтың ерекшелігі — SoundAI атты ИИ-персонаждың қатысуы. Ол оқушыларды «дыбыс өнері» әлеміне жетелеп, сабаққа ерекше атмосфера сыйлады.
Топтық, жұптық және жеке жұмыстар:
– «Ромашка Блума» әдісі арқылы ертегі мазмұнын талдау
– Wordwall платформасында грамматикалық тапсырмалар
– Имена прилагательные среднего рода тақырыбын практикада қолдану
– Инсценировка, постер қорғау, рефлексия сияқты тәсілдер қолданылды.
Оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын еркін жеткізді, бір-бірімен ынтымақтастықта жұмыс істеді.
Сабақ мақсаты толық орындалды, ал ең бастысы — балалардың әдебиетке, өнерге деген қызығушылығы арта түсті.
Өткізген: Батырова Жанар Сәндібекқызы

"Қызылжар орта мектебі" КММ