Математика апталығы аясында мектебімізде ата-ана, оқушы және мұғалімдердің қатысуымен математикалық эстафета сайысы ұйымдастырылды.
Командалар әртүрлі математикалық тапсырмаларды жылдам әрі дұрыс орындау арқылы шапшаңдық, логика және бірлікті көрсетті. Эстафета қызықты, көңілді әрі тартысты өтті.
Сайыстың негізгі мақсаты — оқушылардың математикалық ойлауын дамыту, ата-ана–мектеп арасындағы байланыс пен өзара түсіністі күшейту, сондай-ақ білім беру үдерісіне ата-аналар мен мұғалімдердің бірлесе қатысуын арттыру болды.
Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, ерекше әсер қалдырды.
Ұйымдастырушылар: Сұлтанова Д.Ш
Мұханова А.С
