Мектебімізде класс жетекшілерге арналған “Мұғалімнің уақытын үнемдеу: рутиналық жұмыстарды ЖИ-ге сеніп тапсыру” тақырыбында мектепішілік семинар өтті.
Семинар барысында жасанды интеллекттің білім беру саласындағы мүмкіндіктері таныстырылып, мұғалімдердің күнделікті құжат жұмыстары мен рутиналық тапсырмаларын жеңілдететін тиімді тәсілдер көрсетілді.
Педагогтер тәжірибе алмасып, цифрлық технологияларды сабақта және сынып жетекшілік жұмысында қолданудың жаңа қырларымен танысты. Спикерлер: Г.Ә.Садықова
Г.А.Сәрсембаева
Т.Т.Сенгалиева
Сонымен қатар “Ақтөбе қаласының білім бөлімі”ММ-нің 2026 жылғы 2 наурыздағы #107 бұйрығы Қазақстан Республикасының Конституциясына,”Білім туралы” Заңына және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес, білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және білім беру ұйымдарында зорлық-зомбылықтың алдын алу, қауіпсіз орта қалыптастыру туралы түсіндірме жұмыстары жасалды. Мектеп психологтарына профилактикалық іс-шаралар ұйымдастыру туралы тапсырмалар бер
