Picture riddles

Тәжірибе тарату

15.04.2026 жылы ағылшын тілі апталығы аясында 10 «Ә» сыныбында сыныптан тыс іс-шара өтті. Іс-шара екі негізгі бөлімнен тұрды.
“Picture riddles” бөлімінің мақсаты – оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін дамыту, суреттер арқылы жасырылған жұмбақтарды шешу және ағылшын тіліндегі сөздерді табу.
“Quiz” бөлімінің мақсаты – әртүрлі тақырыптар мен деңгейлерді қамтитын сұрақтарға топпен жауап беру. Сұрақтар 5 категориядан тұрды: Grammar, Sport, Vocabulary, Country, Film. Бұл тапсырма оқушылардың жан-жақты білімін дамытуға ықпал етеді.
Пән мұғалімі: Зарина Жанабайқызы

"Қызылжар орта мектебі" КММ