Қазақ тілі мен әдебиеті апталығының үшінші күнінде пән мұғалімі — Шауленова Жанна Бериковна 5 «ж» сыныбына «Суретшінің бала қиялы» тақырыбында «Ашық есік» күнін өткізді. Ата-аналардың қатысуымен өткен ашық сабақ білім алушылар үшін тың мағұлматқа толы болуымен, мұғалім мен оқушы арасында еркін сұқбаттың орын алуымен, шәкірт назарын ұтымды тапсырмалармен аудартуымен ерекшеленді. Сынып білім алушылары өте белсенді қатысып, оқу мақсатына қол жеткізді. Сабақ соңында оқушылар мен ата-аналар, мұғалімдер ерекше әсермен тарады.
