Бүгін мектебімізде «Тіл мен әдебиет — ой ұшқырлығын, тіл шешендігін үйрететін пән» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығының ашылуы болып өтті. Шара барысында оқушылар мен ұстаздар түрлі мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, қызықты жұмбақтар шешті. Әдебиет қайраткерлері, ақын-жазушыларымыздың 2026 жыл аяғындағы мерейтойлары бейнеленген тарихи бейнестаспамен танысты.
Мақсаты: оқушыларды әдебиетті сүюге шақыру, терең әрі шапшаң ойлауға баулу, бойларында эстетикалық талғам қалыптастыру.
