5 «Д» сыныбында жаратылыстану пәнінен “Тірі планета” тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты – оқушыларға Жердегі тіршіліктің алуан түрлілігін түсіндіру және тірі ағзалардың негізгі патшалықтары туралы білімдерін кеңейту болды.
Сабақ барысында оқушылар тірі ағзалардың негізгі топтарымен, яғни өсімдіктер, жануарлар, саңырауқұлақтар және бактериялар патшалықтарымен танысты. Әр топтың ерекшеліктері талқыланып, олардың табиғаттағы рөлі туралы маңызды мәліметтер берілді.
Пән мұғалімі: Үсенхан С
