Жамбыл Жабаев: тарих пен тағдыр

Тәжірибе тарату

Қазақ тілі мен әдебиет апталығы аясында мектебімізде 5-сынып оқушыларына арналған «Жамбыл Жабаев: тарих пен тағдыр» атты бейнефильм көрсету шарасы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды өтті 🎬📚

Шараның негізгі мақсаты – оқушыларды қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың өмір жолымен, шығармашылығымен және тарихи кезеңдегі рөлімен таныстыру, ұлттық рух пен әдебиетке деген қызығушылығын арттыру болды.

Іс-шара барысында оқушылар бейнефильмді қызыға тамашалап, Жамбыл Жабаевтың тағдыры, ақындық жолы, ел тарихындағы орны туралы көптеген тың мәліметтер алды. Көрсетілім соңында оқушылар өз ойларымен бөлісіп, алған әсерлерін ортаға салды.

Бұл танымдық шара оқушылардың рухани дүниесін байытып, қазақ әдебиетіне деген сүйіспеншілігін арттырды. Шара оқушылар үшін тағылымы мол, тәрбиелік мәні жоғары кездесу болды.

Іс-шараны ұйымдастырған қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері
Жансугирова Р. Б және Базарбаева Г. А.

"Қызылжар орта мектебі" КММ