Жасанды интеллект әлеміндегі құпиялар

Тәжірибе тарату

«BILIM QAZYNA» КММ ұйымдастыруымен өткен білім беру семинары

2025 жылдың 20 ақпанында «BILIM QAZYNA» КММ жоспарына сәйкес Қызылжар орта мектебінде білім беру саласындағы заманауи әдістер мен цифрлық технологияларды талқылауға арналған семинар өтті. Іс-шара барысында білім беру үрдісін жетілдіруге бағытталған түрлі тренингтер, воркшоптар мен практикалық сабақтар ұйымдастырылды.

Семинардың ашылуында «Ақтөбе қаласы білім бөлімі» ММ және «BILIM QAZYNA» КММ әдіскері З.Б. Бекниязова мен Қызылжар орта мектебінің директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Б. Қаржаубаева құттықтау сөз сөйлеп, мұғалімдерге шығармашылық табыс тіледі.

Семинардың мазмұны әртүрлі бағыттағы баяндамалар мен тәжірибелік жұмыстарды қамтыды.

Благодар орта мектебі “Жасанды интеллект әлеміндегі құпиялар”, “Effective methods and techniques of teaching English to develop students’ communication”, Пригород орта мектебі “Білім берудегі инновациялық технологиялар, жасанды интеллект платформалары”, “Ағылшын тілі сабағында цифрлық технологияларды пайдалану” тақырыбында

Семинардың қорытынды бөлімінде «Ақтөбе қаласы білім бөлімі» ММ және «BILIM QAZYNA» КММ әдіскері З.Б. Бекниязова, сондай-ақ Қызылжар орта мектебінің директорының оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Б.Б. Назарова сөз сөйлеп, іс-шараның маңыздылығын атап өтті.

Семинар мұғалімдердің кәсіби дамуына және білім беру үдерісінде цифрлық технологияларды тиімді пайдалану тәжірибесін кеңейтуге бағытталған маңызды алаңға айналды.

28.02.2025 года в соответствии с планом КГУ «BILIM QAZYNA» в Кызылжарской средней школе проведен межшкольный семинар, где выступили педагоги Благодарной СШ на тему «Секреты в мире искусственного интеллекта » и «Effective methods and techniques of teaching English to develop students’ communication» и учителя Пригородной СШ провели практический тренинг на тему «Инновационные технологии в обучении и платформы в искусственном интеллекте », а учителя русского,казахского и английского языка Кызылжарской СШ поделились своими эффективными методами обучения на уроках на темы «Эффективное использование электронных учебников»,«Just dance-2025»,«Использование современных платформ и их роль в системе обучения»,«SWAT-анализ.Слабые и сильные стороны цифровых технологии».
Со вступительным словом выступили методист КГУ «BILIM QAZYNA» З.Б.Бекниязова и заведующая по учебной части Кызылжарской средней школы.Мероприятие было направлено на углубление знаний учителей и предоставление эффективных практических методов работы с цифровыми образовательными ресурсами на уроках.

"Қызылжар орта мектебі" КММ