ЖИ арқылы оқыту. Бүгінгі қиял — ертеңгі шындық

Тәжірибе тарату

Математика пәні апталығы аясында
«ЖИ арқылы оқыту. Бүгінгі қиял — ертеңгі шындық»- атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Бүгін ұстаздар қауымы білім беру жүйесіндегі цифрлық мүмкіндіктерді талқылаған пайдалы кездесу өтті.
Бұл дөңгелек үстелдің мақсаты : мұғалімдерге «Жи платформаларының» мүмкіндіктерін таныстыру, оларды тиімді пайдалану жолдарын көрсету және цифрлық құралдарды білім беру үдерісіне интеграциялау бойынша тәжірибе алмасу.

🔹 Жи платформаларының мүмкіндіктері
🔹 Сабақ үдерісінде тиімді қолдану жолдары
🔹 Тәжірибе алмасу мен жаңа идеялар

Ұстаздар үшін жаңа форматтағы кәсіби даму алаңы болды!

"Қызылжар орта мектебі" КММ